Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Рахат" фабрикасының 500 қызметкері ақы төленбейтін демалысқа жіберілді

"Рахат" фабрикасының 500 қызметкері ақы төленбейтін демалысқа жіберілді

"Рахат" АҚ-ның 500 жұмысшысы ақы төленбейтін демалысқа жіберілді. Бұл туралы ҚазТАГ-тың корреспондентіне компанияның макетинг жөніндегі басқарушы директоры, басқарма мүшесі Олег Плотников хабарлады.

"Иә, 500 адам демалыста. Себебі Ресей үшін бізде өндіріс күрт төмендеді, яғни сатылым азайып отыр. Адамдарды жоғалтқымыз келмейді, сол себепті олар (ақы төленбейтін - ҚазТАГ) демалыста", - деп мәлімдеді О.Плотников.

Оның сөзіне сүйенсек, егер жағдай қалпына келсе, адамдарды демалыстарынан шақыртып алады. Жалпы алғанда "Рахат" АҚ-нда 4,3 мың адам жұмыс істейді.

Ол "пайда - кез келген бизнестің басты мақсаты" екендігін баса айтты. "Егер сізде кіріс болмаса - бітті, ол жабылады. Егер сенде табыс болмаса, айтыңызшы, 4 мың адамды ұстап, оларды асырағанның не керегі бар? Олай болса, фабриканы жабу керек", - деп бөлісті ойымен "Рахат" АҚ топ-менеджері.

Ол мысалға Беларусь елін келтірді, мұнда биліктегілер нарық, демпинг аясындағы барлық мәселелерді шешіп қойды.

"Ол (Беларусь президенті Александр Лукашенко - ҚазТАГ) барлық бөлшек саудада сөрелердің 70%-ы жергілікті өндірушілерге тиесілі болсын деп міндеттеді", - деді О.Плотников.

Оның мәліметтерінше, қаңтарда компания сатылымдары 20%-ға, ақпанда шамамен 35%-ға төмендеген.

Похожие материалы