Ресей әскерінің Мариупольдегі драма театрға жасаған әуе соққысынан 600 адам қаза болды
Associated Press зерттеуіне сәйкес, 16 наурызда Мариуполь драма театрындағы ресейлік әуе шабуылы салдарынан 600-ге жуық адам қайтыс болды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бұл Украинадағы соғыс барысында бейбіт тұрғындарға жасалған ең жойқын шабуыл саналады. Әуе шабуылы басталғанда театр ғимаратына 1000-ға жуық адам тығылғанын жазды агенттік. Зерттеушілер шабуылдан аман қалған 23 адаммен, құтқарушылармен сұқбаттасқан. Қала билігі қаза болғандар саны 300 адам деген мәліметті таратқан. АР зерттеуінің нәтижесі одан екі есе көп болды.
AP журналистері Донецк облыстық академиялық драма театрында жұмыс істейтіндермен сөйлесіп, аман қалғандардың пікірін тыңдап, сол күні және одан кейін түсірілген фотосуреттер мен бейнелерді және сарапшылардың пікірлерін жинақтап театрдың 3D моделін құрған.
Агенттік зерттеушілері соғыс жағдайында нақты қанша адам қаза тапқанын анықтау мүмкін еместігін де ескерткен. Әуе шабуылынан аман қалған адамдар ғимаратта адам өте көп болғанын, әр үш шаршы метрге 1 адамнан келетін айтқан. Ал театр маңындағы асханада жүзге жуық адам болыпты. Олар түгелдей қаза тапқан.
Ал Ресей билігі Мариуполь драма театрын Украин әскерилері жарды деп мәлімдеген. Алайда ешқандай дәлел ұсынбады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024