Алматы. 28 мамыр. 7kun.kz — «Қазақстан темір жолы» Украинаға сұйытылған мұнай газын және көмірді жеткізуді тоқтатты. Оған транзиттік бағыт өтетін Ресей өз аумағы бойынша мұндай тасымалдарға тыйым салуы себеп болды, деп хабарлайды Рейтер агенттігі ресми құжатқа сілтеме жасай отырып.
1 маусымнан бастап мұндай тасымалдар Ресей үкіметінің арнайы рұқсатынсыз мүмкін болмайды. Агенттік хабарлағандай, ҚТЖ 24 мамыр күні өз клиенттеріне тыйым салу қазақстандық жеткізушілерге таратылатындығын хабарлайтын хат жолдады. Бұл ретте, әңгңме Украинаға сұйытылған мұнай газын импорттайтын ірі қазақстандық жеткізуші - Теңізшевройл (Chevron, ExxonMobil, ЛУКОЙЛ және ҚазМұнайГаз бірлескен кәсіпорны) туралы болып отыр.
Ресей темір жолдарының (РТЖ) өкілдері түсініктеме беруден бас тартты. ҚТЖ-мен агенттік байланыса алмады.
Айта кетейік, ағымдағы жылы қазақстандық компаниялар ай сайын Украинаға 20 мыңнан 25 мың тоннаға дейін сұйытылған мұнай газын жеткізді.
Өткен жылы Қазақстаннан Украинаға көмір жеткізу көлемі 455 мың тоннаны құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024