Алматы. 11 қыркүйек. 7kun.kz – Ресейлік бизнесмен Максим Воробьев (Ресейдің Мәскеу облысы губернаторының ағасы) және оның Amereus Group инвестициялық қоры KAZ Minerals қазақстандық металлургия компаниясының 3,00674% акциясын иеленді.
Kaz Minerals-дағы Воробьевтің үлесі 1,62043%-ды, Amereus Group-та (100% бизнесменге тиесілі) 1,38631%-ды құрайды. Воробьев пен оның инвестициялық қоры акцияларды ашық нарықта сатып алды, компанияның мажоритарлық акционерлерінің үлесі өзгерген жоқ.
Максим Воробьев - қызыл балық өсіруге мамандандырылған "Русская аквакультура" компаниясының ірі акционері және директорлар кеңесінің мүшесі.
Тамыз айында Воробьевтің бақылауындағы инвестициялық топ "Ультрамар" және "Ультрамар Терминал" компанияларынның иесі Андрей Бонч-Бруевичтен 40% акцияны сатып алатыны белгілі болды. "Ультрамардың" негізгі акционері Бонч-Бруевич болып табылады.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024