Ресейліктердің Қазақстанға келуі: ХҚКО-ларда ұзын-сонар кезек пайда болды
Қазақстан. 26 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанның Ресеймен шекаралас өңірлерінде келген ресейліктердің ағымы күрт көбейіп, Осыған байланысты күшейтілген сегіз халыққа қызмет көрсету орталығы бөлінді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қазіргі уақытта ХҚКО-ларда ұзын-сонар кезек байқалуда. «Мой город» басылымының жаузынша, ресейліктер Оралдағы ХҚКО-ға таңертеңгі уақыттан бастап жинала бастаған. Олар банк картасын аштыртып, ЖСН алуға ниетті. Оралдағы еріктілер ресейліктерге жатын орын мен тамақ беріп және құқықтық мәселелер бойынша кеңес беріп, көмек көрсетуде. Қаладағы Cinema Park кинотеатры екі түн қатарынан ресейліктерге түнеуге мүмкіндік берді. Бірінші түнде онда 200-дей ресейлік азамат түнеген.
«ТоболИнфо» хабарлауынша, Қостанайда да жүздеген ресейліктер ЖСН алу үшін қаладағы ХҚКО-ға келуде.
Қазіргі жағдайға байланысты Астана, Алматы қалаларында және Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола мен Ақтөбе облыстарында күшейтілген ХҚКО-ларда қызмет көрсету туралы шешім қабылданды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024