Экономика
Ресей экономикасы 2015 жылы ұзақ құлдырау жолына түседі
Ресей экономикасы 2015 жылы ұзақ құлдырау жолына түседі деп хабарланды дүйсенбі күні жарияланған РФ Экономика және даму министрлігінің нақтыланған болжамында.
"Күшті геосаяси тәуекелдердің сақталу жағдайында және 2015 жылы мұнай бағасы орташа жылдық көріністе баррелі үшін $50 болатындығы туралы гипотезаға сүйенсек, ЖІӨ 3%-ға кемиді деп күтілуде. Болжамды бағалар бойынша Ресей экономикасы 2015 жылы ұзақ құлдырау жолына түседі", - делінеді болжамда.
Бұл ретте құжатта министрліктегілер ұзақ құлдырау дегенде нені білдіргісі келгендіктеріне түсінік бермеді. 2016 жылға арналған болжамды Экономика және даму министрлігі тек сәуірде нақтылайды. Бұдан бұрын министрлікте Ресей экономикасын "құлдырау түбіне" 2015 жылдың ортасында жетеді деп атап өткен, содан соң жоғары қарай ілгерілеу мүмкін болып, 2016 жылдың қорытындысы бойынша экономика өсімі күтіледі делінген еді.
Болжамда РФ үкіметі қабылдаған экономиканың тұрақты дамуы мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамассыз ету жөніндегі шаралар пакетін іске асыру 2015 жылы бірқатар маңызды макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша құлдырау тереңдігінің қысқаруына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Осылайша, Ресей Экономика және даму министрлігінің бағалауынша, бюджеттік жүйелердің бюджеттеріне несие беруге бөлінетін қаржының артуы және экономика салаларына қолдау көрсету қаржыландырудың барлық көздерінің есебінен негізгі капитал инвестицияларын дағдарысқа қарсы шараларды ескермейтін нұсқамен салыстырғанда шамамен 2 қосымша пункіге көбейтеді.
"Нәтижесінде ЖІӨ өсімі қарқынының жиынтықты төмендеуі экономикаға дағдарысқа қарсы қолдау көрсету шараларының іске асырылуын ескермейтін сценарийден төменірек болады, шамамен 0,9 қосымша пункт", - деп мәлімделеді Экономика және даму министрлігінің болжамында.