Экономика
Ресей Президенті интернет кеңесшісін тағайындады
Ресей Президенті Владимир Путин Интернет даму институтының жетекшісі Герман Клименконы өзінің интернет кеңесшісі ретінде тағайындау туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Қазинформ.
Президент Г. Клименкоға өзінің кеңесшісі болу туралы ұсынысты 2015 жылдың 22 желтоқсанында ІТ-компания өкілдерінің кездесуі кезінде айтқан.
Ал 23 желтоқсан күні Клименко В.Путиннің интернет кеңесшісі болуға келісім берді. "Мұндай ұсыныстан бас тартудың еш қажеті жоқ. Тек өмірімде түбегейлі өзгерістер болады", - деп түсіндірді ол өзінің кеңесші болу туралы шешімін.
РБК агенттігінің айтуынша, Герман Клименко интернет дамуына және ондағы болып жатқан экономикалық, қаржы, сауда, медицина білім салаларына қатысты мәселелерге жауап береді.
Фото: ria.ru