Украина, Ресей, ТМД елдері, Балтика, Монғолия және Израил бойынша Herbalife компаниясының вице-президенті боп Эдита Курек тағайындалды.
Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, ол 2015 жылдың қаңтар айынан Азия-Тынық мұхит аймағындағы Herbalife нарық тобын басқара бастаған Стивен Кончидің орнын басты.
Бұған дейін Э.Курек Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Скандинавиядағы Herbalife вице-президентінің міндетін атқарушы болған.
Э.Курек Мәскеу энергетика институтын «атомдық станциялар және құрылғылар» мамандығы, сондай-ақ Варшава Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар университетін «коучинг» мамандығы бойынша бітірген. Herbalife компаниясына келгенге дейін Э.Курек Польшадағы Oriflame компаниясының бас директоры болған.
Herbalife халықаралық компаниясы 1980 жылы АҚШ-та Марком Хьюздің бастамасымен дүниеге келген. Компания биоқосымша және дербес күтімге арналған тауарларды тікелей сатумен айналысады.