
Қазан қаласындағы бағдарламашы Камиль Хисматуллин YouTube-тан видеохостингтағы барлық роликтерді өшіруге мүмкіндік беретін қателік тапты. Бұл туралы ол өзінің блогында хабарлады.
Қателік қосымша арқылы жүктелген видеолары туралы сараптаманы көруге мүмкіндік беретін YouTube Creator Studio жүйесінде табылған. Баг арқылы кез-келген роликті жарты минут ішінде өшіруге болады.
Бағдарламашының сөзінше, қателікті табу 6-7 сағат уақыт алған. Өзінің жазуынша, видеохостингтегі роликтерді өшірудің орнына ол қателік туралы компанияның өзіне жазып жібереді. YouTube-тің иесі Google-ға қаңтар айында іске қосылған сервистеріндегі кемшіліктері анықтау жөніндегі бағдармаласының қателігі туралы хабарлаған. Интернет-алпауыт тез арада жауап қайтарады.
Нәтижесінде Google ақауды бірнеше сағат ішінде жойып, бағдарламашыға 5 мың доллар сыйақы береді.
Google -дің Vulnerability Research Grants бағдарламасы осыған дейін сервистеріндегі қателіктері жөнінде ескертіп жүрген адамдарды таңдайды. Енді оларға сол қызметтерін ақылы түрде жасауды ұсынады. Осыған дейін де Хисматуллин Google-дің багтарын ескертіп жүрген белсенді қолданушы ретінде 1337 доллар алған.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025