Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейлік құс етін сатылымнан алып тастады

Ресейлік құс етін сатылымнан алып тастады

Атырау облысындағы тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті  3,5 тонна ресейлік құс етін сауда орындарынан сатылымнан алып тастады. Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды "Казинформ" агенттігі.

" "Идеал Маркет" ЖШС және "Рамстор Қазақстан" ЖШС супермеркеттерінің желісінен құс етінің сынамалары алынды. Сараптама кезінде өнімдердің Кедендік одақтың "Азық-түлік өнімдері және таңбалау" 022 техникалық талаптарына сай келмейтіндігі анықталды. «Майкопский Птицекомбинат» ЖАҚ өндірісінің  "Благояр" құс еті, «Уралбройлер» ЖАҚ өндірісінің тартылған еті және «Даль-Кама» ЖШС өндірісінің "Никора" бройлерінің етінің қаптамаларындағы жазу мемлекеттік тілге аударылмаған. Сауда желілерінің басшыларына тауарларды айналымнан алу туралы санитарлы ұйғарым берілді. Барлығы 3500 келі өнім алынды", -деп хабарлады Атырау облысындағы тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінен.
Еске салайық, осыған дейін  техникалық тәртіптер мен қауіпсіздік нормаларына сай келмеуіне байланысты ресейлік өндірістің ет өнімдері сатылымнан алып тасталынғандығы хабарланған еді.

Похожие материалы