Экономика
Медиа
Ресейлік стартапшы қазақстандық балаларға OYLA журналының жылдық жазылымын сыйға тартты
Ресейлік стартапшы Арсен Томский қазақстандық жетімдер мен жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларға ғылыми-танымал OYLA журналына жылдық жазылуды сыйлады. Бұл туралы оның Facebook-тегі ресми парақшасында жазылған.
"Наурыз айында 100 балалар үйі мен интернаттан, жағдайы төмен және көпбалалы отбасыдан шыққан балалар журналдың бірінші номерін алады және бұл жыл бойы жалғасып отырады. Сондай-ақ Арсен бізге ІТ-технология мен стартапқа арналған OYLA-ның арнайы шығарылымын жасауға түрткі болды. Ол мамыр айында оқырмандардың қолына тиеді", -делінген хабарламада. Арсен Томский - Ресейдегі ең табысты стартаперлердің бірі. InDriver онлайн-такси қосымшасының және ykt.ru интернет-порталының негізін қалаушы, "Синет" компаниясының бас директоры.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024