Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейлік туристер үшін Алматы қымбат қалалардың тізімінде

Ресейлік туристер үшін Алматы қымбат қалалардың тізімінде

Алматы ресейлік туристер үшін қымбат қалалардың бірі екені анықталды. 2015 жылдың тамыз айында турист көп баратын ең танымал 10 бағыттың ішінде оңтүстік астанамыз да бар. Бұл жөнінде Oktogo.ru қонақ үйлерді онлайн-брондау қызметінің порталында жарияланды. 

Ресейлік турист үшін Алматыда бір күн тұру -орта есеппен 5 мың рубль болады. Туристерге ең арзан қала деп Бішкек (1,2 мың рубль) және ең қымбат қала - Баку (6 мың рубльден жоғары) деп танылды. Таяу шетелдегі ең қымбат бағыттар: Қазақстан мен Әзірбайжан. Қиыр шетелден - Танзания (250 доллар) мен Доминикан Республикасы (195 доллар). Ал, ең арзандары - Абхазия (2,3 мың рубль) және Грузия (2,5 мың рубль). Таяу шетел қалаларында туристер көбіне 4 күн, курортты қалаларда 9 күндей демалады. Десе де, қаланың танымалдылық деңгейі мен ол жерде тұру құны сәйкес келе бермейді. Мәселен, танымалдылық бойынша Алматы үшінші орында, Астана болса - жетінші орында. Минск көш бастап, Ташкент тізімді аяқтап отыр. Одан бөлек, рейтингке Тбилиси, Киев, Ереван, Баку, Кишинев, Бішкек сынды қалалар ілінген. Қиыр шетел елдерінен ең танымал бағыттар - Тайланд, Вьетнам және Куба.
Ресейліктер үшін таяу шетелдегі ең танымал 10 бағыт:

1. Минск

39f0020520ef50e4f60117e62c928ffc-small  

2. Тбилиси

90258b3a3d95646460ecf8b0a2c93879-small  

3. Алматы

a889e291a072ecd4752b50a1fd58bb70-small

4. Киев

3884aa4dcec1c9b62117570befb02ea6-small

5. Ереван

5dcff169971a97fa907cba72d6fc386c-small

6. Баку

36bb09ee1977da330b32ed768dc3d253-small

7. Астана

cb5bfc438da798f17f557b44aa384324-small 8. Бішкек 3cef0c126e7a459dda91ce151a9f72c1-small

9. Кишинев

e58e0536416dc62bbbb8c2b874a3c9db-small

10. Ташкент

637d76c48200c013a5bb5c67b4899e73-small

Похожие материалы