Экономика
Россельхознадзор Балтық елдерінен Қазақстанға өтетін балыққа тыйым салмақшы
Россельхознадзор Балтық елдерінен Қазақстанға өтетін балыққа тыйым салады.
"Балтық елдерінен Қазақстанға өтетін балық пен балық өнімдеріне шектеу енгізетініміз әбден мүмкін", - деп мәлімдеді Россельхознадзор жетекшісі Сергей Данкверт. Оның айтуынша, Норвегия балығын қоса алғанда, балық өнімдерінің бір бөлігі кез келген тәсілмен Ресей аумағында қалып қоюда. "Белгілі схема: Латвия және Эстония кәсіпорындары бұл балықты өзіміз өндірдік деп рәсімдейді. Содан соң Қазақстан үшін арналған деген өнім жүктелген машиналар Ресейде қалады, ал құжаттары Қазақстанда рәсімделеді", - деп түсіндірді Россельхознадзор басшысы. Қызмет басшысы бұл проблемаларды Қазақстандық әріптестермен талқыға салу жоспарда тұрғандығын айтты. Консултациялар бейсенбі күні басталады. "Бірақ Балтия елдерінен болатын транзитке тыйым салу ықтималдығы өте жоғары", - деді ол. Оның айтуынша, бұның қажеттілігі 4 маусым күні РФ Латвия мен Эстониядан балық пен балық өнімдерін әкелуге тыйым салуына байланысты. Бұған дейін жазғанымыздай, Россельхознадзор сондай-ақ Қазақстанға АҚШ-тан жеткізілетін тауық етіне тыйым салмақшы.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024