Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Россельхознадзор Балтық елдерінен Қазақстанға өтетін балыққа тыйым салмақшы

Россельхознадзор Балтық елдерінен Қазақстанға өтетін балыққа тыйым салмақшы

Россельхознадзор Балтық елдерінен Қазақстанға өтетін балыққа тыйым салады.

"Балтық елдерінен Қазақстанға өтетін балық пен балық өнімдеріне шектеу енгізетініміз әбден мүмкін", - деп мәлімдеді Россельхознадзор жетекшісі Сергей Данкверт. Оның айтуынша, Норвегия балығын қоса алғанда, балық өнімдерінің бір бөлігі кез келген тәсілмен Ресей аумағында қалып қоюда. "Белгілі схема: Латвия және Эстония кәсіпорындары бұл балықты өзіміз өндірдік деп рәсімдейді. Содан соң Қазақстан үшін арналған деген өнім жүктелген машиналар Ресейде қалады, ал құжаттары Қазақстанда рәсімделеді", - деп түсіндірді Россельхознадзор басшысы. Қызмет басшысы бұл проблемаларды Қазақстандық әріптестермен талқыға салу жоспарда тұрғандығын айтты. Консултациялар бейсенбі күні басталады. "Бірақ Балтия елдерінен болатын транзитке тыйым салу ықтималдығы өте жоғары", - деді ол. Оның айтуынша, бұның қажеттілігі 4 маусым күні РФ Латвия мен Эстониядан балық пен балық өнімдерін әкелуге тыйым салуына байланысты. Бұған дейін жазғанымыздай, Россельхознадзор сондай-ақ Қазақстанға АҚШ-тан жеткізілетін тауық етіне тыйым салмақшы.

Похожие материалы