Алматы. 9 маусым. 7kun.kz —Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева ҚР Ұлттық кітапханасында орналасқан №254 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Өз таңдауын жасаған әнші журналистерге сұхбат беріп, қазақстандықтарды белсенді дауыс беруге шақырды.
«Қазақстанның әр азаматы өз таңдауын жасауы керек. Әр жаңа басшы өз бағдарламасын жасайды, ел болашағына өз бағытын береді. Біз - халық, басшылықтың жасаған бағдарламасына қолдау білдіреміз. Әрі нәтиже күтеміз. Президенттікке кандидат азаматтардың барлығының негізгі мақсаты мемлекетті, халықты жақсы өмірге жеткізу, өмірімізді жақсарту. Халық таңдаған азамат бүгін жеңеді деп ойлаймын», - дейді Роза Рымбаева.
Өзі жеке таныс адамға дауыс бергенін айтты.
«Мен азаматтардың [үміткрелердің -ред.]барлығын жақсы білемін деп айта алмаймын. Бірақ, кейбіреулерінің бағдарламасын толық оқып шықтым, жеке де таныспын. Сол адамға дауыс бердім», - деді әнші.
ОСК сағат 10.00-дегі мәліметінше қазақстандықтардың 12,8% дауыс берген.
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





