Алматы. 6 ақпан. 7kun.kz – ҚР Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков Қарағанды облысында өткен жұмыс сапары шеңберінде «Шұбаркөл көмір» АҚ көмір разрезінде болды, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігі.
2017 жылы кәсіпорын 10,45 млн тонна көмір өндіріп, рекорд орнатты. Оның ішінде, халықтың коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігіне арналған көмір көлемі 3,3 млн тоннаны құрады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 100 мың тоннаға артық.
«Шұбаркөл» АҚ әлеуметтік көмір шығаратын негізгі жеткізуші болып саналады. Елдегі халықтың коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігіне көмірдің үштен бір бөлігі дәл осы жерде өндіріледі», - деді вице-министр Ғ. Сәдібеков.
2018 жылы кәсіпорын 12 млн тонна көмір өндіруді, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке 300 мың тонна өсіммен 3,6 млн тонна отын өндіруді жоспарлап отыр.
«Шұбаркөл» АҚ орташа есеппен 170-180 вагон көмір тиеледі. Көмір еліміздің барлық өңірлеріне жөнелтіледі.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024