Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz - 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша сақтандыру секторын 32 сақтандыру ұйымы құрайды. Сақтандыру ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі 2018 жылғы 1 наурызда 935,8 млрд теңге болды. Пайызға шаққанда активтердің көлемі 1,0 пайызға өскен. Сақтандыру ұйымдарының міндеттемелері жыл басынан бері 522,1 млрд теңгеге дейін 1,7 пайызға ұлғайды. Қолданыстағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қалыптастырған сақтандыру резервтерінің көлемі жылдың басынан бері 477,5 млрд теңгеге дейін 3,7 пайызға өсті. Меншікті капитал 413,7 млрд теңге болды. Сақтандыру сыйлықақылары 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 2017 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 77,6 млрд теңгеге дейін 3,6 пайызға ұлғайды, олардың ішінде тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 66,9 млрд теңге болды. 2018 жылдың екі айының қорытындысы бойынша «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,6 млрд теңгеге дейін 16,4 пайызға ұлғайды. Жиынтық сақтандыру сыйлықақыларында «өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының үлесі 2017 жылғы 1 наурыздағы 12,1 пайызбен салыстырғанда 13,6 пайыз болды. Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 21,3 млрд теңгені немесе сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемінің 27,4 пайызын құрады. Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының 77,8 пайызы Қазақстан республикасының бейрезиденттеріне қайта сақтандыруға берілді. 2018 жылдың басынан бастап жүргізілген сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі (қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерін шегергенде) 12,5 млрд теңге болды, ол 2017 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 5,0 пайызға аз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024