"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мемлекетті комиссиямен келісіп, компанияның негізгі акцияларын IPO арқылы жекешелендіру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы қордың төрағасы Өмірзақ Шөкеев сейсенбіде өткен үкімет отырысында мәлімдеді.
"Біз мұны іске асыру кестесін жасап қойдық. Мысалы, "Эйр Астана" IPO-ны нарықтағы өзгерістерге байланысты 2017 жылдың соңында немесе 2018 жылдың басында ұйымдастырмақ. Екінші акционер бұған келісті. Нәтижесінде қордың иелігінде "25 пайыз + 1" акциясы ғана қалады және, үкіметаралық келісімге сәйкес, акциялардың 51 пайызы қазақстандық инвестордың қолында қалу керек", - деді Шөкеев.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024