Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Самұрық-Қазына» бірнеше компаниясының акцияларын IPO-ға шығарады

«Самұрық-Қазына» бірнеше компаниясының акцияларын IPO-ға шығарады

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мемлекетті комиссиямен келісіп, компанияның негізгі акцияларын IPO арқылы жекешелендіру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы қордың төрағасы Өмірзақ Шөкеев сейсенбіде өткен үкімет отырысында мәлімдеді.

"Біз мұны іске асыру кестесін жасап қойдық. Мысалы, "Эйр Астана" IPO-ны нарықтағы өзгерістерге байланысты 2017 жылдың соңында немесе 2018 жылдың басында ұйымдастырмақ. Екінші акционер бұған келісті. Нәтижесінде  қордың иелігінде "25 пайыз + 1" акциясы ғана қалады және, үкіметаралық келісімге сәйкес, акциялардың 51 пайызы қазақстандық инвестордың қолында қалу керек", - деді Шөкеев.

"Қазақтелеком" компаниясына қатысты айтсақ, қазір оның 49 пайызы онсыз да жекеменшікте. Қор төрағасының сөзінше, оны IPO-ға келесі жылдың соңында шығармақ. "ҚазАтомӨнеркәсіп", "ҚазМұнайГаз" компанияларының акциялары 2018 жылы IPO-ға шығарылып, 25 пайыз акциялары сатылады. "Самұрық-Энерго" IPO-ны 2019 жылға жоспарлап отыр. Өмірзақ Шөкеев онда сатылымға шығатын акцияның үлесі 51 пайызды құрауы мүмкін екенін мәлімдеді.

"Қазпошта" өзінің 49 пайыз акциясын 2019 жылы сатады. Ал "Қазақстан Темір Жолы" компаниясына алдымен қаржы жағдайы жақсартылады да, 2020 жылы IPO-ға шығарылады. «Бұдан бөлек, біз өзіміздің қарқынды дамып келе жатқан Qazaq Air және «ТауКен-Самұрық» компанияларының акцияларын да IPO-ға шығарамыз.

Похожие материалы