Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Samsung Pay Қазақстанда ресми түрде іске қосылды

Samsung Pay Қазақстанда ресми түрде іске қосылды

Алматы. 3 наурыз. 7kun.kz - Бүгін Қазақстан төлем индустриясының тарихында айтулы оқиға болды: ашық бета-тестілеуді сәтті аяқтаған соң Samsung Pay төлем қызметі ресми түрде елімізде іске қосылды, деп хабарлады Samsung Electronics компаниясының баспасөз қызметі.

Бұл қызмет смартфонды немесе сағатты бір рет тигізу арқылы затты
сатып алуға мүмкіндік береді. Қызметті қолдану үшін Google Play немесе Galaxy Store-дан Samsung Pay қосымшасын смартфонға жүктеп, өз картаңыздың деректерін енгізу қажет. 2020 жылдан бастап сатылып жатқан жаңа телефондарға қосымша орнатылған.

Mastercard-пен бірге Қазақстандағы тоғыз банктің – Альфа-Банк, Алтын Банк, АТФ Банк, ЦентрКредит банкі, Еуразиялық банк, Fortebank, Халық Банк, Jýsan Bank және Сбербанк клиенттеріне жаңа қызмет қолжетімді болып отыр.

«Біз смартфон арқылы ғана емес, сонымен бірге, киілмелі құрығылар арқылы төлемдерді жеңіл әрі қауіпсіз түрде жасауға мүмкіндік беретін Samsung Pay қызметін қазақстандықтарға таныстырып отырғанымызға қуаныштымыз. Samsung Pay қызметі клиенттеріміздің өмірін барынша жайлы ететіндігіне сенімдіміз, енді үнемі қолыңызда ұстап жүретін Samsung Galaxy смартфоныңыз немесе Gear/Galaxy Watch смарт-сағатыңыз арқылы тауарлар мен қызметтерді төлеуге болады. Open Beta Test режімінде өткізілген бастапқы іске қосудың нәтижесінде нарықта мобильдік қосымшаларға деген тұрақты қызығушылықтың бар екендігін байқадық, енді біз өзіміздің технологиямызды барлығына қолжетімді
етіп отырмыз. Samsung Pay ыңғайлы, оңай әрі қауіпсіз қызмет болып табылады, сондықтан бұл біздің мобильдік құрылғыларымызды таңдау үшін тағы бір себеп», -деп мәлімдеді Samsung Electronics Central Asia президенті Санг Ву Хан.

«Біз Қазақстанда Samsung Pay қызметінің іске қосылуымен барлықтарыңызды құттықтаймыз. Mastercard карта иелері енді төлем жасау тәсілдерінің кең шеңберіне қол жеткізіп отырғанына қуаныштымыз. Қазақстан – біз басымдық беретін нарытардың бірі, сондықтан біз цифрлік экономиканы дамытып, инновацияларды әкелу үшін дәйекті түрде қызмет етіп келеміз», - деп атап өтті
Израиль, Қазақстан, Грузия, Армения, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстандағы Mastercard директоры Андраш Хембергер. – «Біздің таяуда өткізген зерттеулеріміз көрсеткендей, Қазақстандағы түйіспесіз карталардың
қолданушылары жаңа технологияларға дайын: сауалнамаға жауап бергендердің 40%-ға дейіні ақылды гаджеттер көмегімен төлемдерді жасауды қолдайды. Samsung Pay қызметінің елге келуі – цифрлік келешекке жасалған тағы бір қадам, Қазақстанның көптеген тұрғындары өздеріне ең ыңғайлы төлем тәсілін таңдауға
мүмкіндік алып отыр». Осы оқиғаға орай карта иелері қызметті қолданудың қаншалықты оңай әрі ыңғайлы екендігін сезініп көрулері үшін Mastercard бірқатар тиімді ұсыныстарды сыйлап отыр.

Мәселен, екі демалыс күндері – 7-8 наурызда және 14-15 наурызда Samsung Pay қосымшасында Mastercard арқылы Шымбұлақ арқанжолына бір билетті сатып алған кезде, екінші билет тегін ұсынылады. 5-4 наурыз күндері «Chaplin» кинотеатрында
билет сатып алған жағдайда көрерменге попкорнның бір порциясы тегін сыйға тартылады, ал бүкіл наурыз бойы Starbucks кофеханаларында 2000 теңгеден бастап төлем жасаған кезде тегін сусын алуға болады. Samsung Pay-де Mastercard арқылы ҚазМұнайГаз жанармай желілерінде 10 наурыздан бастап 9 сәуірге дейінгі аралықта бензинге төлеген кезде сәнді стикерлер жинағын сыйлыққа алуға болады.

Сондай-ақ, бүкіл наурыз және сәуір айларында Алматыдағы метрополитен жолақысы Samsung Pay қосымшасындағы Mastercard картасы арқылы төлеген жолаушылардың барлығы үшін бар-жоғы 5 теңге тұрмақ. Акцияларға қатысты бүкіл толық ақпаратты және Samsung Pay қосымшасын қосу туралы нұсқаулықты mastercard.kz сайтынан табуға болады. Бүкіл әлемдегідей, Қазақстанда да карталармен және ақылды құрылғылармен түйіспесіз төлем жасау мүмкіндігі кеңінен таралып жатыр. Биылдан бастап еліміздегі терминалдардың барлығы осы технологияны қабылдап отыр. Бұл шешімнің кеңінен танымал болып отырғандығы картаны пластик түрінде ғана емес, сонымен бірге, смартфон немесе ақылды сағаттар сынды басқа да құрылғылар арқылы өзіңізбен алып жүруге болатындығымен байланысты.

Похожие материалы