АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керридің Қазақстанға ресми сапары қазақстандық-америкалық қарым-қатынасына немесе Орта Азия елдері мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынасқа ешқандай әсер етпейді. Бұл АҚШ-тың тек Ресей мен Қытайға қыр көрсетуі болуы мүмкін. Саясаттанушы Әділ Кәукенов мемлекеттік хатшының Қазақстанға келуі туралы осындай пікірді білдірді.
«Қазіргі таңда Орталық Азия елдері АҚШ-тың басты нысаны болып отырған жоқ. Ескере кететін бір жайт, АҚШ президенттерінің ешқайсысы Қазақстан мен ОА елдеріне жиі келген емес. АҚШ пен ОА елдерінің қарым-қатынасы жедел дамуы үшін мемлекет басшысының деңгейі рөл ойнайды. Вашингтон үшін аймақтардың маңыздылығын арттырады», - деді Әділ Кәукенов. Саясаттанушының сөзінше, Джон Керридің Қазақстанға келуі арқылы жаңа масштабтағы келісімдерге қол жетуі немесе үзіліп қалған жобаларға қайта қол қойылуы мүмкін болмайды. Мұның барлығын Мәскеу мен Пекиндіктер жақсы түсініп отыр, сондықтан ол жақтан қандай-да бір алаңдаушылық туындап отырған жоқ. «Ресей Федерациясының жоғарғы мәртебелі тұлғаларынан бастап мемлекет басшысына дейін Қазақстан мен ОА-ға келу жиілігімен салыстырар болсақ, олар міндетті түрде келісім пакеттері мен жаңа жобаларға қол қойып отырды. Сондықтан Джон Керридің мемлекетке келуі ортақ балансты бұза алмайды», - деді саясаттанушы. Ә. Кәукеновтың сөзінше, мемлекеттер үшін Джон Керримен АҚШ президентінің ОА елдеріне келуі туралы келісім жасалса, сол маңызды болмақ. Бұл аймақтардағы геосаяси жағдайдың реттелуіне және Ресей мен Қытай алдындағы мемлекттердің маңыздылығының артуына мүмкіндік береді. Нәтижесінде Мәскеу мен Пекин жағдайды толық бақылауды қолға алады. Ал Досым Сәтпаевтың сөзінше, АҚШ Ресей мен Қытай елінің саяси белсенділігіне алаңдаушылық білдіргендіктен, Джон Керри Қазақстан мен ОА елдеріне арнайы келді. Оның үстіне, РФ Ауғанстандағы жағдайды қоса есептегенде әскери-саяси салада белсенділік танытуда. Бұл бір кездерде Збигнев Бжезинский айтып кеткен шахмат тақтасындағы саяси ойын белгісі болып отыр. "Әркім өз партиясын құрып, жаңа ойын ұйымдастырғысы келеді. Сондықтан Джон Керридің ОА елдеріне келуі арқылы АҚШ Ауғанстандағы халықаралық әскери колациясын қысқартқанмен, әлі де ОА елдерінің экономикасы мен геосаяси жағдайына қызығып отырғанын білдіріп, тойтарыс бергілері келеді және бұл АҚШ-тың қандай жағдай болмасын аймақ елдерімен ынтымақтастық орната алатыны туралы Мәскеу мен Пекинге бағыттаған белгісі. Сондай-ақ, АҚШ осы арқылы Мәскеу мен Пекинге ОА елдерінің кейбірі Вашингтонмен араларын үзгенімен, аймақ елдерін толықтай қараусыз қалдырмайтыны туралы сигнал жіберуде", - деп түсіндірді Досым Сәтпаев. Осы арада айта кету керек, Джон Керри Самарқанда Орта Азия республикаларының сыртқы істер министрлерімен кездесуінде Қытайды айналып өтіп, сауда жасауға мүмкіндік беретін "Жаңа Жібек жолы" жобасында еске салып өткен еді. "Бір елдің достығы өзге елдермен болатын достық қарым-қатынасқа шектеу салмау керек. Біздің де "Жаңа Жібек жолы" жобасын қолдап, бірге жұмыс істегіміз келеді",- деп атап өтті өз сөзінде Дж.Керри. Кездесуге Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан елдерінің СІМ-мен келді. Отырыс қорытындысы бойынша, қатысушылар серіктестік туралы ортақ декларация қабылдап, «С5+1» форматындағы жаңа диалог жүргізуге келісті деп хабарлайды Өзбекстан СІМ-і. Вашингтонмен қарым-қатынасы реттелмеген әзірге Қырғызстан мемлекеті. Ал Өзбекстан мен АҚШ арасы туралау кезеңінен өтіп жатыр. Досым Сәтпаевтың сөзінше, АҚШ-пен серіктестік қарқынын Қазақстан тұрақты сақтап келеді. Джон Керридің Орта Азия елдері мен Қазақстанға сапары туралы Қазақстанның стратегиялық зерттеу институтының директоры Ерлан Қарин өз пікірін білдірді. Оның ойынша, мемлекттік хатшының келуінен ешқандай өзгеріс болмайды. "Аймақтардағы жағдай мен баланс күші баяғыдай сақтала береді. Аймақ елдерінің сыртқы саясатынан күрт өзгерістерді байқап отырған жоқпыз. Қарым-қатынастар мен қызығуышылықтар қалпынша қалды. Тек басты саяси ойыншылар ретінде жауапкершілікті бөліп отырған Мәскеу мен Пекин қалады. Мәскеу өзіне әскери-саяси қызметті міндеттеп алды. Ал Қытай экономикалық реттеуші қызметін өзіне алғысы келеді", - деді Ерлан Қарин. Сондай-ақ, оның сөзінше, АҚШ басты ойыншылардың бірі болып қала береді. "АҚШ бастапқы кезде Ауғанстан еліне қатысты әскери колациясын шегерген кезде сарапшылар Америка пен батыс елдерінің ОА елдеріне деген қызығушылығы азайды деп санады. Алайда қазіргі уақытта жағдай қысымын арттып кетуіне байланысты өз күшін қайта жандандырып жатыр. Джон Керридің ОА елдеріне келуі осының дәлелі", - деді сарапшы.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024