Алматы. 24 шілде. 7kun.kz – Қытайлық сарапшылар юаньның девальвацияға ұшырауын доллар бағамының артуымен түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Инда Секюритис» компаниясының бас экономисі Ли Дасяо «Global Times» басылымына берген сұхбатында осындай пікір айтты.
«АҚШ доллары соңғы күндері өздігінен нығайып келеді, осы жағдай юаньның қазіргі бағамына әсер етіп отыр», - дейді ол.
«Global Times» аналитиктерінің айтуынша, доллар бағамының арту тенденциясы АҚШ Федералдық резервтер жүйесінің басшысы Джероми Пауэллдің 18 шілдедегі базалық проценттік мөлшерлемені біртіндеп арттыру қажеттілігі туралы мәлімдемесінен кейін айқын байқала түскен.
Еске сала кетейік, 2018 жылғы 20 шілдеде Қытай валютасының бағамы жылдың ең жоғарғы көрсеткішіне жетіп, 1 АҚШ доллары 6,790 юаньды құрады. Ал АҚШ президенті Д. Трамп пен қаржы министрі С. Мнучин Қытайды саудадағы бәсекелестікте басымдыққа жету үшін юань бағамын әдейі құбылтып отыр деп айыптаған.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024