КЕМБРИДЖ – АҚШ-тағы президенттік сайлауда Дональд Трамптың күтпеген жеңісіне экономистер де жауапты ма? Олар Дональд Трампты тоқтата алмаса да, жаһанданудыдың чирлидерлерін жақтамай, өз пәндерін оқытуға көбірек көңіл бөлсе, қоғамдық пікірталастарға күштірек әсер етер еді.
Менің Жаһандану тым алысқа кетіп қалды-ау? атты кітабым шамамен жиырма жыл бұрын басылымға жіберілген кезде, мен бір белгілі экономисттен кітап мұқабасының артқы бетіне шығарылатын пікірін жіберуін сұрадым. Мен өз кітабымда, уақыт келе дәстүрлі даналыққа айналған мынадай дәлелдерді келтіргенмін: келісілген мемлекеттік әрекет болмаған жағдайда, тым көп жаһандану қоғамдық бөлінулерді тереңдетіп, үлестіру проблемасын ушықтырып, сондай-ақ отандық әлеуметтік мәмілелерге нұқсан келтіре алады.
Экономист болса қобалжыды. Ол шын мәнінде менің талдауымның ешқайсысына қарсы еместігін, бірақ менің кітабымның «варварларға амуниция» болатынына алаңдайтынын атап өтті. Протекционисттер өздерінің тар, өзімшіл күн тәртібіне қолдауды қамтамасыз ету үшін жаһанданудың теріс жақтары туралы кітаптың дәлелдеріне тиісулері анық қой.
Бұл әлі күнге дейін мен әріптес экономистерден көріп жүрген реакция ғой. Солардың бірі әңгімемізден кейін сенімсіз қолын көтеріп, мынадай сұрақ қойды: Сіз аргументтеріңіздің теріс түсініліп, оларды өзіңіз мінеп, сынап жүрген популисттер мен демагогтар қолданады деп қорықпайсыз ба?
Біздің дәлелдерімізді бізбен келіспеген адамдар қоғамдық пікірсайыста ұрлап, қолдана алады деген тәуекел әрдайым болады. Бірақ менің түсіне алмайтыным - бұл жәйтқа байланысты көптеген экономистер, біздің саудаға қатысты аргументтеріміз тек белгілі бір бағытта болу керек деп тұжырымдауы.
Айқын емес алғышарт - бұл сауда пікірталастарында тек бір жақта варварлар бар демек тәрізді. Шамасы, Дүниежүзілік сауда ұйымы ережелері немесе сауда келісімдері туралы шағымданушылар сұмпайы протекционистер болып, ал керісінше, оларды қолдағандар әрдайым періштелердің жағында дегендей.
Шындығына келсек, көптеген сауданы жақтаған энтузиастардың да тырыса қолдаған тар, өзімшіл күн тәртіптері де бар. Қатаң патенттік ережелерді асыруға асыққан фармацевтикалық фирмалар, сыртқы нарыққа кедергісіз қол жеткізуге барынша тырысқан банктер, немесе арнайы төрелік трибуналдарды іздеген ұлтаралық корпорациялар протекционистермен салыстырғанда, қоғамдық мүдделерді олардан ешбір артық ескеруде емес. Сондықтан экономистер өз дәлелдерін қорғағанда, олар тек варварлардың бір тобын басқа бір тобынан ерекшелейді.
Ұзақ уақыт бойы экономистердің қоғаммен қарым-қатынасының айтылмайтын ережесі ретінде, олардың сауданың жақсы жағын асырып, жамандығын жасыру болып келді. Бұл жәйт қызық бір жағдайға әкеп соқты. Әдетте, экономисттер қолданатын сауданың стандарт моделдерінің күрт үлестіру әсерлері бар: «саудадан алынған табыстардың» теріс әсері ретінде өндірушілердің немесе жұмысшылар санаттарының жекелеген топтарының табыс шығындары қарастырылады. Экономисттер бұрыннан бері нарықтағы сәтсіздіктердің, оның ішінде, нашар еңбек нарығы, несие нарық міндері, білім немесе қоршаған орта факторлары, және монополиялар - осы пайдаларды жинауда кедергі келтіруі мүмкін екендігін біледі.
Олар, сондай-ақ, шекараларды асып, патенттік ережелерді қатайту немесе денсаулық сақтау және қауіпсіздік талаптарын үйлестіру сияқты отандық ережелерді қалыптастыра алатын, сауда туралы келісімдердің экономикалық пайдалары түбегейлі бірмәнді емес екенін біледі.
Дегенмен, сауда келісімдері орын алған сайын еркін сауданың салыстырмалы артықшылықтары мен ғажайыптарын қайталақтайды деп экономистерге сенім артуға болады.
Олар жүйелі түрде үлестіруге байланысты алаңдаушылықты азайтып келсе де, қазір, айталық, Солтүстік Американдық еркін сауда туралы келісімнің (NAFTA) немесе Дүниежүзілік сауда ұйымына Қытайдың кіруінің үлестіру әсерлері АҚШ-тағы қауымдар үшін едәуір салмақты болғаны анық.
1990-шы жылдан бастап қарастырғанда, сауда мәмілелерінің жиынтық пайдасы салыстырмалы түрде шағын болса да, олар оны асырып айтып отырды. Олар «еркін сауда туралы келісімдері» деп бүгінгі сауда мәмілелерін насихаттауды қолдады, алайда, егер Адам Смит пен Давид Рикардо Транс-Тынық мұхиты серіктестігін оқып шықса, олар қабірлерінде бір аунап түсер еді.
Сауда туралы адал, ашық болуға тырыспаудың бағасы экономистер үшін өздерінің беделдерінен айырылуымен тең болды. Ең жаманы, бұл олардың қарсыластарына пайдасын тигізді. Экономистердің қажетті айырмашылықтар және ескертпелерді түгендеп, сауда бойынша толық көріністі бере алмағандықтарынан, сауданы түрлі зарар әсерлері бар деп, көбінесе орынсыз қарамайлау оңай іске айналды.
Мысалы, өсіп келе жатқан теңсіздікке ықпал еткенмен, сауда бұл кең трендке үлес қосқан тек бір ғана фактор және ол технологиямен салыстырғанда шағынырақ болып табылады. Егер экономистер сауда кемшілігі туралы көбірек ашық айтқандарында, олар осы пікірталастағы адал брокерлер ретінде үлкен сенімге ие болар еді.
Егер экономистер халқының еңбек құқықтары қорғалмаған елдерден импорт алу үлестіру әділеттілігі туралы маңызды мәселелер көтеретінін растауға дайын болғанында, бізде әлеуметтік демпинг туралы көбірек хабардар қоғамдық талқылау болар еді Бұл кедей елдерде төмен жалақы төмен өнімділікті көрсететін кездерді шынайы құқық бұзушылық орын алған кездерден ажырата алуға мүмкіндік берер еді. Ал мұндай алаңдаушылықты тудырмайтын сауда «әділетсіз сауда» деген айыптан жақсырақ оқшауланар еді.
Сонымен қатар, егер экономистер валюталық айла-амал жасау, сауда теңгерімсіздіктері және жұмыс орнын жоғалту туралы ескерткен сыншыларды тыңдаса, осындай проблемаларды алыс қойған модельдерді қолданбаса, олар сауда мәмілелерінің жұмыспен қамтуға зарар әсері туралы айтылған шамадан тыс шағымдарға жақсырақ төтеп беретін позицияда болар еді.
Қысқаша айтқанда, экономистер ел алдына семинар бөлмелерінде айтылатын ескертпелер, белгісіздік және скептицизммен шығып, бөліскенде, олар әлемдік экономиканың жақсы қорғаушылары болар еді. Өкінішке орай, олардың сауданы жаулардан қорғау ынталарының кері әсері де бар. Қазіргі таңда сауда туралы мағынасыз шағымдарды жасап жүрген демагогтардың АҚШ және басқа елдерде, ел құлағын өзіне бұрып, іс жүзінде билік жеңісіне жетулерінде, кінәнің кем дегенде бір бөлігіне сауданың академиялық қолдаушылары да жауапты.
Автор туралы: Дэни Родрик, Гарвард университетінің Кеннеди атындағы басқару мектебінде Халықаралық саяси экономия кафедрасының профессоры, Экономикалық Қағидалар: Қараңғы Ғылымның Дұрысы мен Бұрысы кітабының авторы.
Авторлық құқық: Project Syndicate, 2016. www.project-syndicate.org
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024