Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Саудия ханзадасы бостандыққа шығу үшін бар байлығынан бас тартуына тура келді

Саудия ханзадасы бостандыққа шығу үшін бар байлығынан бас тартуына тура келді
Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz— 2017 жылдың қарашасында тұтқынға алынған саудиялық ханзада Әл-Валид бостандыққа шықты. Бостандыққа шығу үшін Әл-Валидқа барлық автивтерінен бас тартуға тура келген. Қамауға алынғанга дейін оның байлығы - 17,4 млрд доллар көлемінде бағаланған. Саудиялық ханзада, миллиардер және инвестор былтыр сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен қамауға алынған.  Reuters агенттігінің хабарлауынша, 27 қаңтарда қамаудан босатылды. "Айыбым жоқ. Тек қана кейбір талқылаулар бар... мемлекетпен. Күмәнданбай-ақ қойсаңыздар да болады, бұл анық операция, және біз жай ғана мемлекетпен әртүрлі сұрақтарды талқылаймыз, құпия ақпарат болғандықтан оны қазір жария ете алмаймын",-деді Әл-Валид Reuters агенттігіне берген сұхбатында. Келісімді білетін дереккөздің Forbes-ке берген ақпарат бойынша, Әл-Валид өзінің барлық автивтерінен бас тартқан. Шетелге шықса, онымен бірге саудиялық үкіметтің тағайындаған адамы бірге еріп жүреді. Ал егер ол шетелге біржола қашып кететін болса, үкіметтің мәлімдегеніндей, оған айып тағылып, экстрадицияланатын болады. Ханзада Әл-Валидтің өкілі бұл тақырыпқа қатысты пікір білдірмеді. Ханзада ұзақ уақыт бойы әлемдегі ең бай адамдардың бірі болды. Forbes оның байлығын 17,4 миллиард долларға бағаланған. Байлығының басым бөлігі -  саудиялық қор биржасында сатылатын Kingdom Holding инвестициялық компаниясының 95 пайыз акциясы. Kingdom Holding өз кезегінде, Twitter, Lyft және Citigroup сияқты әртүрлі компаниялардың акцияларына иелік етеді. Сондай - ақ үкімет Kingdom Holding-тің иесін ресми түрде ауыстыра ма ол жағы анық емес. Tadawul саудиялық қор биржасының мәліметінше, Әл-Валид әлі де компанияның 95 пайыз акциясының иегері деп есептелінеді. Kingdom Holding-тен басқа, ханзада Эр-Риядтағы жылжымайтын мүлікке де иелік етеді. Әл-Валид 2017 жылдың қараша айында онға жуық басқа ханзада және саудиялық бизнесмендермен бірге Эр-Риядтағы Ritz Carlton қонақ үйінде тұтқындалған. Олардың көпшілігі бостандығы үшін айтарлықтай қаражат төлеп, соның ішінде 1 млрд доллар көлемінде кепілдемемен босатылған. Осы шараларды жүзеге асыру барысында үкімет 100 миллиард АҚШ долларын өндіріп алмақ.

Похожие материалы