Кез келген дағдарыста табысынан айырылмайтын екі мамандық бар дейді: тіс дәрігері және шаштараз. Қазіргі уақытқа байланысты бұл тізімге фотографты да енгізуге болады. Қазақтың қандай тойына болмасын фотограф қажет. 7kun тойдан басқа қандай табыс көздері бар екендігін және қаншалықты өз-өзін ақтайтындығын анықтап көрді.
Фотосессия
Саябақ
Уақыты: Бұл маусымдық жұмысқа жатады. Мерзімі наурыз айынан, яғни саябақтың ресми ашылуынан бастап, қазан-қараша айларына дейін. Көктем немесе күз айларында дем алушылар аздау болады, сәйкесінше жаз айларында, әсіресе дем алыс және мереке күндері клиенттер де көптеп келеді. Жұмыс таңғы 10-да басталып, кешкі 7-8-ге дейін жалғасады.
Табысы: Алматы қаласының саябақтарында ойыншықтармен, аниматорлармен немесе жан-жануарлармен суретке түсіріп жүретін көптеген фотографтарды көреміз. Ол суреттердің бағасы көлеміне байланысты 300 теңгеден басталып, 1500 теңгеге дейін барады. Табыс айына 200-500 мың теңге аралығында. Ал қызметкерлер (фотографтар, аниматорлар) жалақысы 10-15 пайыз немесе айына 70-120 мың теңге.
Шығыны: Орынды жалға алу құны айына 500 мың теңге. Ал арнайы фотоға арналған қағаз, принтерға бояю, және суреттерге арналған жиектемелер мен басқа да шығындарға орта есеппен 200 мың теңге көлемін шығын шығарасыз. Мысалы, стандарт 10х15 размердегі сурет 300-500 теңге болса, А4 форматтағы 1500 теңге тұрады. Қаласаңыз егер фотоңызды рамкаға салып береді. Жиектемелердің құны 500-1000 дейін.
Медеу
Уақыты: Бұл да маусымдық жұмыс. Керісінше қыс айларында жұмыс істейді. Мерзімі қазан айынан бастап, наурыз айларына дейін. Таңғы 10-11-де басталып, кешкі 8-9 ға дейінгі аралықта, екі сеанс бойынша суретке түсіреді.
Табысы: Медеуде көбінесе аниматорлар немесе басқа да клиент тарту үшін жасалатын ұсыныс түрлері болмайды. Онда адамдарды коньки теуіп жүргенде әдейі немесе сыртынан байқатпай суретке түсіреді. Өте шынайы кадрлер шығады. Сурет бағасы көлеміне байланысты 2000 теңгеден басталып, 5000 теңгеге дейін барады. 15х20 және А4, А3 сынды үлкен размердегі фотолар сатылады. Табыс айына 500 мың теңгеден 1 млн теңге аралығында. Ал қызметкерлер жалақысы 10-15 пайыз немесе айына 80-120 мың теңгеге дейін.
Шығыны: Жалға алу құны 500 мың теңгені құрайды. Ал қағаз, бояю сынды өзге де шығындарға 200 мың теңге көлемінде қаражат кетеді.
Көктөбе
Уақыты: Маусымдық жұмыс. Мерзімі наурыз айынан бастап, қазан-қараша айларына дейін. Еркін жұмыс кестесі.
Табысы: Маусым кезінде 500 мың теңгеден бастап 1 млн теңгеге дейін табыс түсіруге болады. Ал қызметкерлер жалақысы 15-20 пайыз. Оны жалға алушы өзі қояды.
Шығыны: Жалға алу бағасы - 500 мың теңге. Басқа шығындар 200 мың теңге көлемінде.
Сауда орны (Максима)
Уақыты: Маусымдық емес. Жылдың кез-келген уақытында жұмыс істей береді. Күндіз 11-12-ден басталып, кешке дейін.
Табысы: Айына 150-200 мың теңге. Қызметкер жалақысы 10-20 пайыз. Жазда саябақтар немесе басқа да демалыс орындары көп болғандықтан, ойын-сауық және орталықтарында адам аз болады. Ал қыста керісінше дала суық, сондықтан осындай орталықтардың жұмысы жақсы жүреді.
Шығыны: Иллюзион ойын-сауық орнын жалға алу құны, жазда - 60 000 теңге, қыста - 100 мың теңгені құрайды. Ал басқа шығындар 50-100 мың теңге.
Дельфинарий
Табысы: Айына 500 мың теңгеден бастап, 1 млн теңгеге дейін. Қызметкер жалақысы айына - 60 000 теңге. Фото тек А4 форматта сатылады, бағасы - 3000 теңге.
Шығыны: айына 50 мың теңге көлемінде.
Той
Уақыты: Жалпы той аяқталғанға дейін. Шамамен кешкі 7-ден, түнгі 2-3-ке дейінгі уақыт аралығында.
Табысы: Айына 100-300 мың теңге, әр тойдан шамамен 10-25 000 теңге түседі. Фотограф жалақысы 10 пайыз, суретті шығарып-сатушы жалақысы түскен табысқа қарай күніне 2000-5000 теңгеге дейін. Фото: 500-2000 теңге аралығында сатылады.
Шығыны: Жалға алу құны айына 100-200 мың теңге көлемінде. Шығын: 100-150 000 теңге.
Фотосалон
Уақыты: Маусымдық емес. Жұмыс таңғы 10-нан, кешкі 8-ге дейін жалғасады.
Табысы: 150-300 мың теңге көлемінде. Фотосалонда әртүрлі қызметтер ұсынылады. Олар: түрлі форматта фото шығару, оны жөндеу немесе фотошоп арқылы оны клиенттің қалауынша безендіру, шақыру билеттерін дайындау, сыйлық ретінде суреттерді магнитке, кружкаға, футболкаларға басып шығару. Сонымен қатар жиектемелер сияқты қажетті аксессуарлар сатылады.
Шығыны: орынды жалға алу құны - 100-150 мың теңге. Басқа шығындарға 200 мың теңге көлемінде қаржы жұмсалады.
Зоопарк
Табысы: Айына орта есеппен 150-200 мың теңге табыс түседі. Қызметкер жалақысы - 10 пайыз.
Шығыны: Жалға алу құны 300-500 мың теңге. Басқа шығындар 100-200 мың теңге.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024