Көптеген әуе тасымалдаушыларда жүк үшін екі орын қарастырылған: бортта және жүк бөлімінде. Әр әуе компаниясында рұқсат берілген жүк салмағы әр түрлі болады. Нормадан ассаңыз, қосымша шығындалуыңыз қажет. Поезд бен автобустардың да өз стандарттары бар. 7kun.kz көкте және жерде жүк тасымалдау ережелерімен таныстырады.
Ұшақта
Air Astana отандық әуекомпания ұшақтарында бизнес класс жолаушылар 30 келіге дейін, эконом-класс жолаушылар 20 келіге дейінгі жүктерін тегін алып жүруге рұқсат береді. Жаңа қосылған жатын эконом-класс жолаушыларының жүктері де 20 келі болуы қажет. Ал салонға эконом-класс жолаушылар 1 сөмке, бизнес-класс жолаушылар 2 сөмке алып кіре береді. Өлшемі - 56 x 45 x 25 см
"Эйр Астана" рейстеріндегі бір багаждың максималды салмағы стандарт бойынша32 келіден (70фунт) аспауы қажет. Аталған нормадан ауытқып кетсеңіз, жүгіңізді азайтуға немесе екіге бөліп реттеуіңізге тура келеді.
Үй жануарлары болса өлшемі 30 x 47 x 27 см-ден аспайтын арнайы контейнерде тасымалданады. Жолаушыға жануармен есептегенде салмағы 8 келіден аспайтын бір контейнер алып жүруге рұқсат беріледі.
Bek Air. Бұл әуекомпания ұшақтарындағы бизнес-класс жолаушыларының 30 келіге дейін жүк алуға мүмкіндігі бар. Өзімен бірге бортқа алып жүруге болатын қол жүгінің салмағы 18 келіден аспауы қажет. Ал эконом-класстағылар үшін тиісінше 20 келі және 8 келі қол жүгіне рұқсат берілген. Жүк бөліміне өткізетін сөмкенің өлшемі үш өлшемде 158 шаршы см-ден аспауы қажет.
Тегін рұқсат берілген жүктен бөлек жолаушы ұшу кезінде қажет болуы мүмкін деген заттарын өзімен бірге алып жүре алады. Олар: әйелдер қол сөмкесі, қағазға арналған папка, сырт киім, жамылғы, қолшатыр, кітаптар, балалар тамағы немесе жол арбасы, мүгедектер арбасы, дипломат немесе портфель, гүл шоғыры, портативті компьютер.
SCAT-та жолаушылар мен балалар үшін тегін алып жүруге болатын жүк салмағы - 20 келі. Нормадан асқан жүктің әрбір келісі үшін ақша төленеді. Ал бортқа өлшемі 55х40х20 см-ден және 5 келіден аспайтын қол жүгін алып кіре аласыз.
Qazaq Air-дің Y - 1 тарифіндегі жолаушылар 20 келіге дейін, өзге тарифтегілер 10 келіге дейін жүк алып жүре алады. Бортқа алып жүруге болатын қол жүгінің салмағы барлығы үшін ортақ - 5 келі. Сондай-ақ әр жолаушы үшін қосымша 10 келі жүк алып жүруге болады. Бағасы - 2000 теңге.
Поезд
Вагонға салмағы 35 келіден, үш өлшемі 100х50х50 см-ден аспайтын багаж алып кіруге рұқсат. Ал «Talgo» фирмасының вагондарынан құралған поездағы өзіңізбен бірге алып жүруге болатын сөмке салмағы 25 келі, көлемі (70х40х40) 150 см-ден аспауы қажет.
Вагондардағы жүк салатын орынға көлемі бойынша орналасатын, жолаушылар жеңіл тасымалдай алатын багаждың барлығы қол жүгі болып есептеледі. Ал сөмкелеріңіз белгіленген нормалардың барлығынан асып кетсе, сіз қосымша норма есебінде алып жүре аласыз.
- Салмағы 15 келіге дейінгі жүкке қосымша ақы алынады. Ол үшін сізге ЛУ-12А "қол жүгі" квитанциясы берілуі қажет.
- 50 келіге дейінгі багаж үшін қосымша билет сатып алуыңыз қажет. Ал 300 келіге дейінгі жүк үшін жеке купеден толығымен 4 орын сатып алуыңз тиіс.
Автобус
Қалааралық автобустарда тегін тасымалданатын, өзіңмен бірген алып жүруге болатын жүк өлшемі 60x40x20 см-ден және 20 келіден аспау қажет. Бұл көрсеткіштен асып кеткен жүгіңіз үшін қосымша қаржы төлейді. Алматы қаласынан шығатын автобусқа мінсеңіз бір сөмке жүк үшін билет құнының 10 пайызын сұрайды. Ал Астаналық автовокзалдарда билет құнының 20 пайызын төлеу қажет.
Фото:kupibilet.ru
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024