Алматы. 27 наурыз. 7kun.kz – Сбербанк «Даму» КДҚ» АҚ-мен бірлесіп, Петропавл қаласында пластик бұйымдар мен полиэтилен үлдір өндіретін «Петропак» ЖШС жобасын қаржыландырды, - деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Қаржыландыру мақсаты – өндіріс шикізатын сатып алуға арналған айналым қаражатын толықтыру.
«Отандық өндірушілерді қаржыландыру Сбербанктің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Мұндай кәсіпорындардың сәтті дамуы біздің аймақтың және жалпы еліміздің экономикасының дамуы үшін аса маңызды. Сондықтан біз отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуда рөлі зор осындай жобаларға үнемі қолдау көрсетуге талпынамыз», - дейді «Сбербанк» АҚ ЕБ-ның Петропавл қаласындағы филиалының директоры Петр Салохин.
Жеке кәсіпкер Сергей Жуков өз досының осыған дейін жұмыс істеп келген полиэтилен үлдір өндіру бизнесін бірлесіп жүргізу туралы ұсынысын қабыл алып, өз қызметін 2007 жылы бастаған. Өткен 12 жыл ішінде кәсіпкер шығарылатын өнімнің сұрыпталымын біртіндеп кеңейтіп отырған. Ендігәрі полиэтилен үлдірдің бірнеше түрімен (пакеттер, тағамға арналған және гидрооқшаулағыш үлдір) қатар, «Петропак» ЖШС пластиктен әртүрлі бұйымдар (пластик бөтелкелер, ластықтан қорғайтын пластик кілемшелер және т.б.) өндіреді. Қазіргі таңда кәсіпорын өз өнімін Қазақстанның көршілес қалаларына ғана емес, Ресейдің жақын орналасқан аймақтарына да тасымалдайды.
«Өндіріс көлемін ұлғайту Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу бағдарламасы бойынша жеңілдікпен қаржыландырудың арқасында мүмкін болды. «Даму» қорында мемлекеттік қолдау шараларына қатысты жан-жақты кеңестер алғаннан кейін біз Сбербанкке жүгінген едік, ол біздің айналым қаражатымызды толықтыруға қажетті соманы мақұлдады», – дейді «Петропак» ЖШС жетекшісі Сергей Жуков.
Жобаны жеңілдікпен қаржыландыру мемлекеттік «Даму Өндiрiс» өндіруші өнеркәсіп саласындағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу бағдарламасын жүзеге асыруға сәтті жағдай жасайды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024