Сбербанк және «Номад Life» компаниясы «Золото Номадов» өнімін іске қосты
Алматы. 20 тамыз. 7kun.kz – Сбербанк және Номад Life өз клиенттері үшін үш жылдан 10 жылға дейінгі мерзімде инвестициялағанда жоғары табыстылыққа кепіл болатын «Золото Номадов» өнімін іске қосты.
Қазақстандық нарықта ұсынылған бірегей өнім өмірді сақтандыру полисі мен инвестициялық құрал басымдылықтарын біріктіреді. Полис бойынша барлық сомалар полистің қолданыс мерзіміне байланысты АҚШ долларына индекстеледі.
Осылайша, 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімде 10 000 АҚШ доллары сомасына сақтандыру полисін жасағанда, қорытынды сақтандыру сомасы (сақтандыру төлемақысы) 10 705-тен 13 761 АҚШ долларына дейін құрайды. Бұл ретте, сақтандыру төлемі сақтандыру мерзімі аяқталған жағдайда да, мерзімінен бұрын, сақтандыру жағдайы орын алған кезде де жүзеге асырылады.
Сбербанктің барлық клиенттері «Золото Номадов» инвестициялық өнімі іске қосылғаннан бастап бірінші ай ішінде 50 000 АҚШ долларынан басталатын сомаға сақтандыру полисін рәсімдеген жағдайда, сыйлыққа iPhone X (256 Гб) алады.
"Золото Номадов" инвестициялық өнімі бойынша полисті тіркеу және рәсімдеу процесі онлайн тәртіпте жүзеге асырылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024