Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сергей Ельцов Қазкоммерцбанктің басқарушы директоры қызметіне тағайындалды

Сергей Ельцов Қазкоммерцбанктің басқарушы директоры қызметіне тағайындалды

Алматы. 31 мамыр. 7kun.kz - Қазкоммерцбанктің басқарушы директоры қызметіне Сергей Ельцов тағайындалды және 2016 жылғы 30 мамырдан бастап банктің басқарма құрамынан басқарушы директор Ален Шаяхметов шықты. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Сергей Ельцов банктің заң бөліміне, кадр мәселесіне, комплаенс, сондай-ақ корпоративті секретариат қызметіне жетекшілік етеді. Қазкоммерцбанкке шақырылғанға дейін Ельцов мырза «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ басқарма төрағасы, «БТА Банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «Альянс Банк» АҚ басқарушы директор ретінде, сондай-ақ қаржы және өндіруші салаларындағы бірқатар компанияларда басшы қызметтерін атқарған.

«Біз өз командамызға Сергей Ельцовты заңды қызметтерді атқару үшін және халықаралық салада банктің бастамасын іс-жүзіне асыру мақсатында шақырдық. Ол оған сеніп тапсырған бағыттарда өзінің жинақталған тәжірибесін қолдана отырып, жұмыстарды іс-жүзіне асыратынына сенімдімін», - деді өзі сөзінде басқарма төрағасының міндетін атқарушы Абай Искандиров.

Сонымен қатар, ол басқарма төрағасының кеңесшісі лауазымына ауысқан Шаяхметов мырзаға банктің дамуы үшін қосқан үлесі үшін өз алғысын білдірді.

Похожие материалы