Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шымкенттік оқушыға әлемнің 34 университеті қызығып отыр

Шымкенттік оқушыға әлемнің 34 университеті қызығып отыр

Алматы. 17 мамыр. 7kun.kz – Шымкенттік Мирас Сейілхан әлемнің 34 оқу орнынан шақырту алған. "Білім-Инновация" мектебінің 11 сынып оқушысын америкалық, британдық, италиялық және австралиялық университеттер білім алуға шақырған, деп хабарлайды 7kun.kz. «Отырар» арнасына сілтеме жасап.

Мирас өзі оқитын мектептің президенті және bil PRESS, BIL VOLUNTEERS жобаларының негізін қалаушы. Өзі үнемі шетелдің беделді оқу орындарында білім алуды мақсат тұтқан. Соған дайындықты 9 сыныпта бастапты. 

Ұзақ және табанды дайындықтың арқасында Мирас халықаралық емтихандар тапсырып, үздік нәтиже көрсеткен: IELTS - 8.0 ұпай, Duolingo – 135. Сондай-ақ, 650 сөзден тұратын мотивациялық эссе де жазған. 

Осыдан кейін шымкенттік оқушы әлемнің 33 оқу орнынан шақырту алды. Атап айтқанда, 12 америкалық, 5 британдық, 5 канадалық, 1 испан университеті, 4 австралиялық және басқа да елдерден шақыртулар түскен. Мирас әзірге Colgate University, London School of Economics пен Ithaca College оқу орындарын таңдаған. Ол қаржы және экономика бойынша білім алуды жоспарлап отыр.

Похожие материалы