Экономика
IT, Технология
SMART.TV үшін қазақ тілін үйрететін «Soyle.kz» қосымшасы әзірленді
20 мамыр күні Астана қаласында Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен «Samsung Electronics Central Eurasia» компаниясы бірлесіп SMART.TV үшін әзірлеген «Soyle.kz» қосымшасының тұсаукесері өтті.
Қазақ тілін үйренуге арналған мобильдік қосымша Smart.tv теледидарларына лайықталып жасалған. Бұл жөнінде Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев брифинг барысында мәлімдеді.
"Бүгіннен бастап қазақ тілін үйренгісі келетін кез келген адам Smart.tv теледидарлары арқылы тілді тегін үйрене алады. Біз бұл үшін бар күшімізді салып отырмыз", – сказал Шауеев.
«Портал іске қосылғаннан бергі бір жылда дүниежүзінен 350 мыңнан астам пайдаланушы қызметті қолданған. Арнайы тіркеліп, тіл үйреніп жатқан адамдардың саны 23 мыңнан асты»,-деді А. Шәуеев. Порталда тестілеу бағдарламасы жақсартылып, қате және дұрыс жауаптарды қарау функциясы қосылып, әлеуметтік желілер арқылы авторизациялау енгізілген. Сонымен бірге, онлайн-чат, кітапхана қосылған.
Soyle.kz қосымшасы 2014 жылдың желтоқсан айында таныстырылған. Қосымшаны әзірлеуге 20 млн қаражат кеткен.
Одан бөлек, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Balasoyle.kz» қосымшасы да бар.
"Оның ішінде қазақ тіліндегі ертегілер, мультфильмдер, ойындар мен жаттығулар бар. Сайтқа тіркелмей-ақ кіре беруге болады. Қазіргі таңда оның қолданушыларының саны 3-4 мың бүлдіршін", – дейді қор директоры.