Тәуелсіздік алғалы бері 9 мыңға жуық қазақстандық баланы шетелдіктер асырап алған. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Абибуллаев «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында айтты.
«Тәуелсіздік алған кезден бастап 2014 жылдың 31 желтоқсанына дейін шетелдіктер 8 мың 893 қазақстандық баланы асырап алды. Биылғы жылдың 6 айында – 13 адам», деді Абибуллаев. Бас прокуратураның 2014 жылы жариялаған мәліметінше елімізде ата-ана асырауынсыз қалған 33 мың жетім бала бар.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024