Петропавл. 21 сәуір. 7kun.kz - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов су тасқыны ахуалына қатысты күн сайынғы брифингте Есіл өзеніндегі су деңгейінің рекордтық көрсеткішке жеткенін хабарлады.
«Таңғы сағат 8-де Сергеевка су қоймасындағы судың деңгейі 59 сантиметрге төмендеді. Покровка ауылындағы Есіл өзенінің деңгейі 14 метрден асты. Көпжылдық бақылаудың тарихында мұндай жағдай алғаш рет байқалып отыр. Судың ең жоғары деңгейі 189 сантиметрге төмен болған. Бүгін су тасқыны өрши түсуі мүмкін. Өзеннің Петропавл аумағындағы тұсына су 23-24 сәуір күндері келеді. Су тасқыны 29 сәуірге дейін жалғасуы ықтимал», - деп атап өтті өңір басшысы.
Сонымен қатар, облыс әкімі Сергеевка су қоймасындағы қарау алаңының жартылай қирауына қатысты түсінік берді. Құмар Ақсақалов атап өткендей, бұл жағдай су торабының құрылымына еш әсер етпейді және қауіп төндірмейді.
Заречный кентінде эвакуациялық бекет ретінде үш мектеп дайын тұр. Халықты қауіпсіз жерге көшіру үшін қосымша Ұлттық ұланның күштері, Әскери институт курсанттары тартылуда. Зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мүмкіндігі шектеулі жандар мен бір жасқа дейінгі балалар жіті бақылауға алынып отыр.
«Сорғы стансасының бөгетін бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Су өтпес үшін оны екі метрге дейін көтеріп жатырмыз. Сорғы бекетін су басты деп жалған ақпарат таратқандарды таптық. Қазір қылмыстық тергеу жүргізілуде», - деп мәлімдеді СҚО әкімі.
Сондай-ақ, ол Рузаевкада үйлерді тексеру комиссиясы өз жұмысын аяқтағанын хабарлады. Қазір техникаларды бағалау жөніндегі комиссия жұмыс жасап жатыр. Есепшотқа 5 млн теңге жиналды, қаражат әлі де түсу үстінде. Ертең ауылда 200 адам қалпына келтіру жұмыстарымен айналысады. Сонымен қатар, СҚО әкімі сенбілікке өзі де қатысатындығын айтты.
Дереккөз: inform.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024