Жапондық "Сони" компаниясы планшет көмегімен терінің текстурасын, түсін, жай-күйін, сонымен қатар тері денсаулығын анықтайтын басқа көрсеткіштерді тексеретін технологияны жасап шығарды.
Құрылғы арнайы камерамен жабдықталған, бұл камера тері қабатының ең ұсақ ерекшеліктерін "көре алады". Түсірілген суреттер қосулы планшеттік компьютерге жіберіледі, ондағы қосымша тері диагностикасын жүргізеді. Сонымен қатар гаджетке жарық диодтары мен сенсорлар орнатылған, олар ылғалдылық, майлылық және тіпті ұлпаның жасы секілді параметрлерді тіркеп отырады. Тексеру аяқталған соң құрылғы бес балдық жүйе бойынша өз бағасын береді, сондай-ақ тері қабатының жалпы жағдайын қорытындылайды. Мысалға, планшет бетінде келесідей жазу болуы мүмкін: "текстура - 5, тері қуыстары - 4, жасы - шамамен 30 жас, құрғақ, күрделі бұзылулар жоқ". "Біздің бұл өнертабысымыз фотография және бейнені талдау саласындағы барлық заманауи технологияларды қамтиды. Бұған қоса, планшеттегі қосымша тері денсаулығын бағалайтын бірқатар өзге параметрлерді қосуға мүмкіндік туғызады", - деп мәлімдеді жапондық компания өкілдері. "Сонидің" бұл өнімі сұлулық салондары мен медициналық орталықтарға бейімделген. Әзірше бұл құрылғы тек корпоративтік клиенттер үшін ғана қол жетімді. Ақпарат көзі: headline.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024