Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Sony компаниясы планшетпен адам терісін тексеретін технология ойлап тапты

Sony компаниясы планшетпен адам терісін тексеретін технология ойлап тапты

Жапондық "Сони" компаниясы планшет көмегімен терінің текстурасын, түсін, жай-күйін, сонымен қатар тері денсаулығын анықтайтын басқа көрсеткіштерді тексеретін технологияны жасап шығарды.

Құрылғы арнайы камерамен жабдықталған, бұл камера тері қабатының ең ұсақ ерекшеліктерін "көре алады". Түсірілген суреттер қосулы планшеттік компьютерге жіберіледі, ондағы қосымша тері диагностикасын жүргізеді. Сонымен қатар гаджетке жарық диодтары мен сенсорлар орнатылған, олар ылғалдылық, майлылық және тіпті ұлпаның жасы секілді параметрлерді тіркеп отырады. Тексеру аяқталған соң құрылғы бес балдық жүйе бойынша өз бағасын береді, сондай-ақ тері қабатының жалпы жағдайын қорытындылайды. Мысалға, планшет бетінде келесідей жазу болуы мүмкін: "текстура - 5, тері қуыстары - 4, жасы - шамамен 30 жас, құрғақ, күрделі бұзылулар жоқ". "Біздің бұл өнертабысымыз фотография және бейнені талдау саласындағы барлық заманауи технологияларды қамтиды. Бұған қоса, планшеттегі қосымша тері денсаулығын бағалайтын бірқатар өзге параметрлерді қосуға мүмкіндік туғызады", - деп мәлімдеді жапондық компания өкілдері. "Сонидің" бұл өнімі сұлулық салондары мен медициналық орталықтарға бейімделген. Әзірше бұл құрылғы тек корпоративтік клиенттер үшін ғана қол жетімді. Ақпарат көзі: headline.kz

Похожие материалы