Бүгін кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің Әліби Жұмағұловты соққыға жығуы туралы сот процесі аяқталды. Сот Қ.Жамалиевті 13 жылға бас бостандығынан айыру, оның сыбайластары Арман Әбілтаев пен Анатолий Прибытковты тиісінше 12 және 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Олардың мүліктері тәркіленіп, барлығы қатаң режимдегі колонияда жазаларын өтейді деп хабарлайды vlast.kz тілшісі сот залынан.
"Айыпталушылардың кінәлары толығымен дәлелденді", - деді Астана қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты Ербол Рахымбеков.
Осыған дейін мемлекеттік айыптаушы Нұралы Бейсембаев мүліктерін Қайрат Жамалиевті 10 жылға, Арман Әбілтаевты 8 жылға және кәсіпкердің жүргізушісі Анатолий Прибытковты 7 жылға қамап, мүліктерін тәркілеуді талап еткен еді.
Айта кетейік, 2015 жылдың сәуірінде әлеуметтік желілерде 24 жасар Әліби Жұмағұловтың соққыға жығылғаны туралы хабар шықты. Іс Әлібектің әкесі Нұрлан Жұмағұлов арқылы қоғамда кең таралды. 25 сәуірде Қ.Жамалиев пен А.Прибытков, ал маусмының ортасында А.Әбілтаев қамалды.





