Алматы. 15 тамыз. 7kun.kz – Бюджетке тиесілі 66 млрд теңге игерусіз келеді, деп мәлімдеді ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.
Қазына қаражатын жарата алмағандар тізімін бұл жолы қорғаныс министрлігі бастап тұр - 12,5 млрд теңгені игермеген. Одан кейінгі орындарда 9,7 млрд-пен мәдениет және спорт министрлігі, - 7,7 млрд-пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті, 6,6 млрд теңгемен ауыл шаруашылығы болса, ақпарат және коммуникациялар - 5,1 млрд-ты, ал ішкі істер министрлігі 3,4 млрд теңгені жұмсамаған.
Жалпы үкімет үнемдеген қаржы биыл 9,8 млрд теңге шамасында екен.
«Жоғарғы сот бойынша – 0,8 млрд теңге күзету, өрт дабылына, рұқсаттарды басқаруды бақылау жүйесіне және судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге. Екіншіден, бюджеттік бағдарламаны іске асыруға қажетті құжаттардың дайын болмауы. Үшінші, жұмыстар кестесінен қалу», - дейді қаржы министрі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024