Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сұлтанов бюджет қаражатын игере алмай отырған министрліктерді атады

Сұлтанов бюджет қаражатын игере алмай отырған министрліктерді атады

Алматы. 15 тамыз. 7kun.kz – Бюджетке тиесілі 66 млрд теңге игерусіз келеді, деп мәлімдеді ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Қазына қаражатын жарата алмағандар тізімін бұл жолы қорғаныс министрлігі бастап тұр - 12,5 млрд теңгені игермеген. Одан кейінгі орындарда 9,7 млрд-пен мәдениет және спорт министрлігі, - 7,7 млрд-пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті, 6,6 млрд теңгемен ауыл шаруашылығы болса,  ақпарат және коммуникациялар - 5,1 млрд-ты, ал ішкі істер министрлігі 3,4 млрд теңгені жұмсамаған.

Жалпы үкімет үнемдеген қаржы биыл  9,8 млрд теңге шамасында екен.

«Жоғарғы сот бойынша – 0,8 млрд теңге күзету, өрт дабылына, рұқсаттарды басқаруды бақылау жүйесіне және судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге. Екіншіден, бюджеттік бағдарламаны іске асыруға қажетті құжаттардың дайын болмауы. Үшінші, жұмыстар кестесінен қалу», - дейді қаржы министрі.

Похожие материалы