Экономика
Сыбайлас жемқорлық фактісін хабарлаған қазақстандықтар 25,8 млн теңге сыйақы алды
Алматы. 12 желтоқсан. 7kun.kz – Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлағаны үшін 180 азамат 25,8 млн теңге көлемінде марапатталды, деп хабарлады бүгін брифингте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова.
"Әкімшілік сипаттағы сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары туралы хабарлама үшін сыйақы сомасы 30 АЕК құрайды(1 АЕК = 2 405 теңге - Kursiv). Егер сөз ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша қылмыстық істер туралы болса, онда хабарлама үшін сыйақы сомасы 40 АЕК, орташа ауырлықтағы қылмыстық істер 50 АЕК, ауыр қылмыстар 70 АЕК және аса ауыр қылмыстар 100 АЕК құрайды, яғни сыйақы сомасы құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты", - деді ресми өкіл.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024