Алматы. 12 желтоқсан. 7kun.kz - Қаңтар-қазан аралығында төлем карталары арқылы алынған қолма-қол ақшаның көлемі 8,6 трлн теңгені құрады деп хабарлайды Ranking.kz.
Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 22,0 пайызға яғни 1,4 трлн теңгеге көп. Қолма-қол ақшаның басым бөлігі банкоматтар арқылы алынған. 2017 жылы банкоматар арқылы алынған ақша 7,9 трлн теңгені құрады. Ал кассалар арқылы 356,5 млрд теңге қолға түскен. Ал 2016 жылдың қаңтар-қараша аралығында касса арқылы алынған ақшаның мөлшері 1,4 трлн теңгеге аз болған. Қазақстандықтар арасында Mastercard карталарының төлем жүйесі танымал боп бара жатыр. Бір жылдың ішінде оның үлесі 18,4 пайыздан 26,5 пайызға дейін өскен. Ал төлем карталары нарығында 72,0 пайыз үлесі бар Visa 65,5 пайызға дейін түсіп кеткен.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024