Астана. 23 қаңтар. 7kun.kz - Ләззат Ибрагимова Тұрғынүйқұрылысжинақбанкін басқарады. Бұл туралы «Бәйтерек» холдингінің баспасөз-қызметі хабарлады.
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасы Ерболат Досаев «Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Ол – 2016 жылдың 3 ақпанынан бері «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болған Ләззат Ибрагимова. Жаңа басшы Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілесі) Директорлар кеңесінің мүшесі болған», - делінген хабарламада.
Ерболат Досаев оның «Бәйтерек» холдингіндегі еңбегін сөз етіп кәсіби және тұлғалық қасиеттерін атап өтті. "Осы арқылы Ләззат Ибрагимова Тұрғынүйқұрылысжинақбанкін жаңа деңгейге көтереді", - деді холдингтің басқама басшысы.
Ал осыған дейін ҚР ТҚЖБ-ін басқарған Айбатыр Жұмағұлов Қазақстан Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024