Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіне жаңа басшы тағайындалды 

Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіне жаңа басшы тағайындалды 

Астана. 23 қаңтар. 7kun.kz - Ләззат Ибрагимова Тұрғынүйқұрылысжинақбанкін басқарады. Бұл туралы «Бәйтерек» холдингінің баспасөз-қызметі хабарлады.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасы Ерболат Досаев «Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ ұжымына жаңа басшыны таныстырды.  Ол – 2016 жылдың 3 ақпанынан бері «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болған Ләззат Ибрагимова. Жаңа басшы Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілесі) Директорлар кеңесінің мүшесі болған», - делінген хабарламада.

Ерболат Досаев оның «Бәйтерек» холдингіндегі еңбегін сөз етіп кәсіби және тұлғалық қасиеттерін атап өтті. "Осы арқылы Ләззат Ибрагимова Тұрғынүйқұрылысжинақбанкін жаңа деңгейге көтереді", - деді холдингтің  басқама басшысы.

Ал осыған дейін ҚР ТҚЖБ-ін басқарған Айбатыр Жұмағұлов Қазақстан Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды.

Похожие материалы