Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Түркия әуе кеңістігін бұзып кірген ұшақтарды ескертусіз атып түсіреді

Түркия әуе кеңістігін бұзып кірген ұшақтарды ескертусіз атып түсіреді

Түркияның қорғаныс күштері елдің әуе шекарасын бұзған ұшақтарды еш ескертусіз атып түсіреді. Бұл туралы елдің премьер-министрі Ахмет Давутоғлы мәлімдеді.

"Біз кеше ұшқышсыз аппаратты атып түсірдік. Егер бұл ұшақ болғанда, дәл осындай қадам жасар едік. Біздің саясатымыз бәріне белгілі. Шекарамызды бұзған жағдайда бізден міндетті түрде жауап болады", - деп атап өтті Давутоғлы.

Жұма күні Түркияның бас штабы елдің авиациясы әуе кеңістігіне кірген белгісіз ұшу құрылғысын анықтады деп хабарлаған еді.

"Бүгін біздің әуе кеңістігімізде белгісіз ұшу аппараты анықталды. Біздің үш ескертуімізге қарамастан, құрылғы ұша беруін жалғастырды. Біздің ұшақтарымыз оқ атып, оны құлатты",- деп хабарлайды бас штаб.

Похожие материалы