Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Түркиядағы референдум қорытындысы шықты

Түркиядағы референдум қорытындысы шықты

16 сәуірде Түркияда өткен референдумда конституцияны өзгертуді қолдаушылар жеңіске жетті. Бұл нәтиже қандас түркі елінде соңғы жылдарда орын алған ішкі саяси процестердің қорытындысы. Мемлекет үшін басқарудың жаңа жүйесіне қол жеткізу оңайға соқпады. Олай  болса, 7kun.kz тілшілері саяси оқиға барысында ерекше сәттер бейнеленген суреттерді назарларыңызға ұсынады. 

[caption id="attachment_67688" align="aligncenter" width="974"] Фото: b1.vestifinance.ru[/caption]

Конституцияны өзгертуді қолдаушылар берілген дауыстың 51,2% көрсеткішіне ие болса, қарсы топ 48,8% құраған. Түркияның ОСК басшысының мәліметінше, жаңа жүйені қолдаушылар саны қарсылас тараптан 1,25 миллионға көп.

[caption id="" align="aligncenter" width="624"] Фото: ichef-1.bbci.co.uk[/caption]

Енді, мемлекеттік басқару жүйесі толығымен өзгертіліп, президент өкілеттігінің  ауқымы кеңеймек. Мәселен, мемлекет басшысы парламентті таратуға, белгілі талаптарға сай заң күші бар жарлықтар шығару құқығын иеленеді.

[caption id="attachment_67691" align="aligncenter" width="974"] Фото: cdn.tvc.ru[/caption] Конституцияның 18-бабына өзгерту енгізу жоспарланып, премьер-министр лауазымын жою нәтижесінде президент вице-президенттерді, министрлерді және жоғары шенді өзге шенеуніктерді өз бетінше тағайындай алады. 18-баптың өзгеру аясында 70 шақты заң өзгеріп, Ердоғанға 2029 жылға дейін елге билік ету мүмкіндігі туды. [caption id="" align="aligncenter" width="635"] Фото: armenianreport.com[/caption]

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған мен оның басты «Әдiлеттiк және даму» партиясы қазіргі уақытта саяси позицияларын күшейтіп, мемлекет ішінде болып жатқан келеңсіз әрекеттерді басуда.

[caption id="" align="aligncenter" width="640"] Фото: cdn4.img.ria.ru[/caption]

Стамбул қаласында өткен референдум кезінде 33 582 полиция қызметкері ел  қауіпсіздігі мен тәртібіне жауап берген. Екіге бөлінген түрік қоғамындағы қарсы пікір білдірушілердің көпшілігі ірі Анкара, Стамбул, Измир, Анталия, Адана, Ескішехир, Едірне қалаларының тұрғындары. Бір қызығы, әлеуеті жоғары,  қаржы, бизнес шоғырланған  қалалардан саяси қолдау төмен.

[caption id="" align="aligncenter" width="620"] Фото: i.kapital.kz[/caption]

Халық арасындағы қарсы топ конституцияға дауыс беру әділ өтпегенін алға тартып отыр. Олардың айтуынша, дауыс беру учаскелерінде ресми мөр басылмаған бюллетеньдер дауысқа саналған. Сондықтан «Ұлттық Республикалық» партия мен «Халықтар демократиясы» партиясы бірігіп, наразылық акцияларын ұйымдастырғалы отыр.

[caption id="" align="aligncenter" width="624"] Фото: ichef-1.bbci.co.uk[/caption]

Екі түрлі пікір ұстанып, ел ішінде болып жатқан саяси өзгерістерді қолдаушылар мен қарсыластар арасында атыс оқиғалары орын алған. Түркияның Диярбакыр айлағының Ябанарды ауылында екі топқа бөлінген азаматтар арасында саяси жүйе өзгерісіне байланысты кикілжің туып, атыс салдарынан 2 адам көз жұмды.

[caption id="" align="aligncenter" width="624"] Фото: ichef.bbci.co.uk[/caption]

Жеңіске жеткен мемлекет басшысы Ердоған сөзінде: «Бұл 780 шаршы шақырымның 81 аймағында орналасқан 80 миллион халықтың жеңісі», - деді. 2003 жылы Түркияның билік басына келген президенті Ердоған жаңа саяси бағыттарымен жоспар бойынша  елді алдағы 14 жыл басқаратынын жариялады.

[caption id="" align="aligncenter" width="800"] Фото: express-k.kz[/caption]

Өзгертулерге сәйкес, парламент саны 550 депутаттан 600-ге көбейтіліп, президент пен парламент билік басында (бұрын 4 жыл) 5 жылға сайланады. Жаңа заң талабы бойынша президент екі мәрте сайлауға түсе алады.

[caption id="" align="aligncenter" width="858"] Фото: ss.metronews.ru[/caption]

Похожие материалы