
16 сәуірде Түркияда өткен референдумда конституцияны өзгертуді қолдаушылар жеңіске жетті. Бұл нәтиже қандас түркі елінде соңғы жылдарда орын алған ішкі саяси процестердің қорытындысы. Мемлекет үшін басқарудың жаңа жүйесіне қол жеткізу оңайға соқпады. Олай болса, 7kun.kz тілшілері саяси оқиға барысында ерекше сәттер бейнеленген суреттерді назарларыңызға ұсынады.
[caption id="attachment_67688" align="aligncenter" width="974"]
Конституцияны өзгертуді қолдаушылар берілген дауыстың 51,2% көрсеткішіне ие болса, қарсы топ 48,8% құраған. Түркияның ОСК басшысының мәліметінше, жаңа жүйені қолдаушылар саны қарсылас тараптан 1,25 миллионға көп.
[caption id="" align="aligncenter" width="624"]
Енді, мемлекеттік басқару жүйесі толығымен өзгертіліп, президент өкілеттігінің ауқымы кеңеймек. Мәселен, мемлекет басшысы парламентті таратуға, белгілі талаптарға сай заң күші бар жарлықтар шығару құқығын иеленеді.
[caption id="attachment_67691" align="aligncenter" width="974"]

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған мен оның басты «Әдiлеттiк және даму» партиясы қазіргі уақытта саяси позицияларын күшейтіп, мемлекет ішінде болып жатқан келеңсіз әрекеттерді басуда.
[caption id="" align="aligncenter" width="640"]
Стамбул қаласында өткен референдум кезінде 33 582 полиция қызметкері ел қауіпсіздігі мен тәртібіне жауап берген. Екіге бөлінген түрік қоғамындағы қарсы пікір білдірушілердің көпшілігі ірі Анкара, Стамбул, Измир, Анталия, Адана, Ескішехир, Едірне қалаларының тұрғындары. Бір қызығы, әлеуеті жоғары, қаржы, бизнес шоғырланған қалалардан саяси қолдау төмен.
[caption id="" align="aligncenter" width="620"]
Халық арасындағы қарсы топ конституцияға дауыс беру әділ өтпегенін алға тартып отыр. Олардың айтуынша, дауыс беру учаскелерінде ресми мөр басылмаған бюллетеньдер дауысқа саналған. Сондықтан «Ұлттық Республикалық» партия мен «Халықтар демократиясы» партиясы бірігіп, наразылық акцияларын ұйымдастырғалы отыр.
[caption id="" align="aligncenter" width="624"]
Екі түрлі пікір ұстанып, ел ішінде болып жатқан саяси өзгерістерді қолдаушылар мен қарсыластар арасында атыс оқиғалары орын алған. Түркияның Диярбакыр айлағының Ябанарды ауылында екі топқа бөлінген азаматтар арасында саяси жүйе өзгерісіне байланысты кикілжің туып, атыс салдарынан 2 адам көз жұмды.
[caption id="" align="aligncenter" width="624"]
Жеңіске жеткен мемлекет басшысы Ердоған сөзінде: «Бұл 780 шаршы шақырымның 81 аймағында орналасқан 80 миллион халықтың жеңісі», - деді. 2003 жылы Түркияның билік басына келген президенті Ердоған жаңа саяси бағыттарымен жоспар бойынша елді алдағы 14 жыл басқаратынын жариялады.
[caption id="" align="aligncenter" width="800"]
Өзгертулерге сәйкес, парламент саны 550 депутаттан 600-ге көбейтіліп, президент пен парламент билік басында (бұрын 4 жыл) 5 жылға сайланады. Жаңа заң талабы бойынша президент екі мәрте сайлауға түсе алады.
[caption id="" align="aligncenter" width="858"]