Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таңғы сессия: бір доллар үшін 343,32 теңге

Таңғы сессия: бір доллар үшін 343,32 теңге

Алматы. 5 шілде. 7kun.kz – 2018 жылдың 5 шілдесіндегі Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында курста орташа өлшемді бағамы 343,32 теңгені құрады. 4 шілдедегі таңғы сессиямен салыстырғанда (342,97 теңге/$1) ұлттық валюта долларға шаққанда 0,35 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 343,10 теңге, ең жоғары – 343,43 теңге деңгейінде болды, жабылу курсы бір долларға 343,35 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 102 млн 900 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 141.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 344,8 теңге, Алматыда – 344,8 теңге деңгейінде сақталды.

АҚШ долларына шаққандағы теңгенің ресми бағамы Қазақстандық қор биржасының екі сессияның қорытындысы бойынша бекітіледі.

Похожие материалы