Экономика
Таңғы сессияда доллар бағамы 307,68 теңге болды
Қазақстан қор биржасының (KASE) 18 қарашадағы таңғы сессиясы кезінде доллардың орташа бағамы 307,68 теңгені құрады. Бұл туралы KASE сайтында жазылды.
АҚШ долларымен сауда кезінде минималды курс 307,50 теңге болды, максималды курс – 308 теңге, ал курс жабылу кезінде – 307,61 теңгені құрады.
KASE мәліметіне сәйкес, АҚШ долларымен болған сауда көлемі 18 қарашада 60 млн 300 мың доллар болды. Валюта операциясы бойынша келісімдер саны - 147.
Фото: vlast.kz