Алматы. 16 шілде. 7kun.kz — Тамара Дүйсенова "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ басшысы болып тағайындалды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев жаңа басшыны таныстырды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Қанат Құлшыманов.
"Орталықтың бұрынғы басшысы Ербол Оспанов "ЕРДО" АҚ бірінші вице-президенті қызметіне ауысты", - деп жазды ол Facebook-те.
"Тамара Қасымқызы әлеуметтік-еңбек саласын дамытуға елеулі үлес қосты. Оның бүгінгі күні тиімді еңбек нарығын дамыту, еңбек ресурстарының сапасын арттыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру және ел басшылығы қойған басқа да тапсырмалар үшін қажетті тәжірибесі бар", - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.
Дүйсенова Тамара Босымбекқызы 1965 жылы 11 қаңтарда дүниеге келген. 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын инженер-экономист, экономика ғылымдарының кандидаты мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы институтты бітіргеннен кейін Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы информатика бойынша орта мектептің мұғалімі болып бастады.
Қызметтері:
1988 жылдан 1992 жылға дейін - Өзбек КСР Мемлекеттік Жоспары жанындағы Экономика және нормативтер ҒЗИ экономисі;
1992 жылдан 1993 жылға дейін - Сарыағаш аудандық әкімшілік басқармасының аға экономисі;
1993 жылдан 1994 жылға дейін - "Перизат-холдинг" компаниясының бөлім басшысы;
1994 жылдан 1997 жылға дейін - Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары және бірінші орынбасары;
1997-1999 жылдары - Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары;
1999-2002 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
2002-2006 жылдары — Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
2006-2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
2008-2013 жылдар аралығында - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы;
2013 жылы — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі; ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;
2017 жылдан бастап 2018 жылға дейін - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
2019 жылы - "Nur Otan" партиясының хатшысы.
2019 жылдың шілдесінен бастап - "Еңбек ресурстарын дамыту орталығының" басшысы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024