Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таңертеңгі саудада теңге құны аздап артты

Таңертеңгі саудада теңге құны аздап артты

Алматы. 5 ақпан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 380,89 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (382,48 теңге / $1) ұлттық валюта 1,59 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 380,35 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 381,70 теңге, жабылу курсы бір долларға 380,40 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 28 млн 650 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 70.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 383 теңге, Алматыда – 383 теңге.

Ұлттық Банктің 5 ақпандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 382,23 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы