Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таңғы сессияда доллар 371,43 теңге болды

Таңғы сессияда доллар 371,43 теңге болды

Алматы. 21 желтоқсан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 371,43 теңгені құрады. 20 желтоқсандағы таңғы сессиямен салыстырғанда (370,98 теңге / $1) ұлттық валюта 0,45 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 370,90 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 372 теңге, жабылу курсы бір долларға 371,22 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 221 млн 900 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 330.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 373 теңге, Алматыда – 374,5 теңге.

Ұлттық Банктің 20 желтоқсандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 370,76 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы